2015 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1363 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1363 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 82, 710-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.